Bugin
Фото: gov.kz
Ақтау қаласының әкімі болып Әбілқайыр Байпақов тағайындалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін Ақтау қаласының әкімі қызметін атқарған Ұлықбек Тналиев өз еркімен қызметінен кетті.
Әбілқайыр Байпақов 1978 жылы 21 мамырда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында дүниеге келген. Үйленген, бес баласы бар. 1999 жылы Есенов атындағы Ақтау университетін тарих мұғалімі мамандығы бойынша, 2003 жылы Халықаралық еңбек академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша үздік бітірген.
2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болды.