Bugin

Наркологияға жатқызылған ер адам жұмбақ жағдайда қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.сom

Наркологияға жатқызылған 47 жастағы Атырау тұрғыны қайтыс болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Ақжайық" басылымына сілтеме жасап.

Марқұмның туыстары және адвокаты ер адамның өліміне күмәндануда.19 мамырда Сергей Гутайды полиция қызметкерлері үйінен алып кетіп, келесі күні әкімшілік сотқа жеткізіп, "Құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзғаны үшін" (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабының 2-бөлігі) он тәулікке қамауға алған.

Көп ұзамай әкімшілік қамауға алуды тоқтатуға тура келген. Түнде полицияның арнайы қабылдау орнынан Сергейді "Психикалық денсаулық" орталығына жеткізген, ол жерде бір тәулік болған.

"Мен оның қайтыс болғанын 25 мамырда таңертең білдім. Мәйітханаға полицияның қатысуымен ғана кіре алдық. Ал түсірілген видеода оның қатты соққыға жығылғаны анық көрінеді. Маңдайында, мойнында, жақ сүйегінде, кеудесінде, шабында, қолында және аяқтарында көгерген жерлер мен гематомалар көп. Аяғы мен қабырғасы сынған болуы мүмкін", - дейді марқұмның ағасы Виктор Гутай.

Іс материалдарына сәйкес, полицейлер Сергейді алып кеткеннен кейін оның орташа дәрежеде мас болғаны көрсетілген. 23 мамырға қараған түні наркологиялық диспансерге "алкогольді тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, елірген абстиненттік күй" диагнозымен жеткізілген. Ал 24 мамырда таңда қайтыс болған.