Bugin

Елімізде біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын-үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ведомство мәліметінше, енгізілген өзгерістерге сәйкес тұрғын үй сатып алу мақсатында бұрын біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған "Отбасы Банк" АҚ депозиттерінде қаражатты жинақтау мерзімі 3 жылдан 6 жылға дейін ұзартылды.

"Бұдан бөлек, депозитті ерлі-зайыптыларға және (немесе) жақын туыстарына беру көзделген. Бұл ретте мұндай салымды үшінші тұлғаларға одан әрі беруге жол берілмейді", - делінген хабарламада.

Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.