Bugin

Семейде ер адам сүйіктісін көлікпен таптап өлтірген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Семейде сүйіктісін көлікпен таптап өлтірген ер адамның ісіне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Nur.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға былтыр желтоқсан айының 15-і күні болған. Жігіт сүйіктісімен кездесуге келіп, екеуі ренжісіп қалады. Күдікті үйден кетуге бел байлаған. Алайда 33 жастағы Диана Сүлейменова жігітін тоқтатпақ болған. Ішімдікке мас болған Александр Галушкин ашуға булығып, көлігінің капотында отырған сүйіктісін ұшырған күйі таптап өткен. Диана Сүлейменованың артында 13 жастағы ұлы қалды. 

Диана Сүлейменованың өліміне қатысты қылмыстық іс үш ай тергеліп, төрт айға жуық сотта қаралды. Судья күдіктіні қасақана кісі өліміне айыпты деп тапты. Сондықтан сотталушыны 9 жыл алты айға бас бостандығынан айыруға үкім кесті.