Woman

Кесілген бұрым

Бұрымды қыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көкем марқұм соғыс жылын еске алып, толғанып,

Айтушы еді әңгімесін қалың ойға оранып,

Көрдім деуші ед, талай-талай жантүршігер сұмдықты,

Қалай-қалай қорғағанын өз намысын өр xалық.

Талай адам азап шеккен фашистердің әуелгі,

Босатқанда тұтқындардан қан сасыған лагерьді

Көрдім деуші ед қою қара қанға бөккен бұрымын

Кеудесіне қысып ұстап жан тапсырған әйелді.

Бізде де бір бұрымды қыз жүруші еді еркелеп

Бұрымынан бір сипауға жүруші едік ентелеп

Сол қарындас ортамызға келді бір күн бұрымсыз

Әттең, әттең бұл қылықты біз дәл одан күтпеп ек!

Көз алдыма елестеді көкем айтқан әңгіме

Бұрымсыз қыз айтыңдаршы сәнсіз бе әлде сәнді ме?

Ғашық едім мен ол қызға айта алмаушы ем сырымды,

Ең алғашқы маxаббатпен қош айтыстым мәңгіге. 

Жыртып-жыртып лақтырдым мен арнап жазған жырымды,

Кескен бұрым секілденіп пәк маxаббат үзілді.

Сұранамын, сұранамын барша жігіт атынан,

Уа, қыздар! Кеспеңдерші, кеспеңдерші бұрымды!