Bugin
Фото: freepik.com
Ақмола полицейлері жоғалған 4 жасар баланы іздеп тапты, -деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәләметінше, 15 шілде күні түстен кейін Көкшетау қаласының полиция басқармасына орталық базар ауданында 4 жасар баланың адасқаны туралы хабарлама келіп түскен. Осы хабарлама бойынша Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралардың нәтижесінде бала табылды. Полицейлер баланы ата-анасына аман-есен табыстады.