Bugin

Астанада полицией қыздарға тиіскен бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Polisia.kz

Әлеуметтік желіде полицейлердің көшеде кетіп бара жатқан қызға “жеткізіп тастайық” деп қызметтік көлікке мінуді ұсынған видеосы пайда болды. Оқиға Астанада болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Желідегі бейнеде:

“Астана қаласының полицейлері жолда кетіп бара жатқан қыздардың атын сұрап, көлікке отыруларын ұсынған. Бұл қаншалықты дұрыс? Полиция бізді қорғаудың орнына, өздері тәртіпсіздікке жол береді”, – делінген.

Қалалық ПД видеоға қатысты түсініктеме берді. 

"Полиция қызметкерлері көлік жүретін жолдың бойында, жолсыз жерде кетіп бара жатқан қызды көріп, көмек қажет пе деп сұраған. Қажет болған жағдайда, көлікпен тиісті жерге дейін жеткізіп тастайтындарын айтқан. Қыз ұсыныстан бас тартқан. Артынша патрульдік бригада аумақты патрульдеу жұмыстарын жалғастырды", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.