Bugin

Алматыда алып базардың қоймасы өртенді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан алынған

Алматыда базар өртенді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Солтүстік айналым аймағында орналасқан базардың қоймасы кеше, 16 шілдеде өртенді.

"ТЖД күштері мен құралдары жеткен кезде Солтүстік айналым мекенжайында орналасқан сауда бутиктерінің ашық жалынмен жануы анықталды. Өрт сөндіру жасақтары оқиға орнына алты минутта жетті. Өрттің кеш хабарлануына және қойманың жану жүктемесінің көп болуына байланысты өрт өрши түскен", - делінген ТЖД хабарламасында.