Bugin
Фото: dzen.ru
Еліміздің бірнеше аймағында бүгін жаңбыр жауады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Маңғыстау облысында найзағай ойнап, жаңбыр күтіледі. Абай облысында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Облыста түнде найзағай жарқылдайды.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр күтіледі. Ал жел екпіні түнде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Батыс Қазақстан облысында да найзағай күтіледі.
Бас қала Астанада кей уақыттарда найзағай күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, ал орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Мұндағы жел екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Павлодар облысында да қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Қарағандыда кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл болмақ. Ал Ақтөбе облысында түнде найзағай күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды.
Атырау облысында 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
Ал Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Шымкентте күндіз найзағай, дауыл болады.
Бүгін Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Ал қала аумағында кей уақытта найзағай күтіледі.