Bugin
Фото: Белновости
Көп адамдар тамақтанар кезде өздерін ұстай алмай, қатты тойып кететінін жасырмайды. Сол себепті асқасан не ас қорыту жолында бірнеше ауытқулар да пайда болып жатады. Тәбетті басу үшін сізге 5 кеңес ұсынамыз.
Тамақтанар алдында бір стақан томат шырынын немесе минералды су ішу керек. Осы кезде сіз суғп тойып, артынша көп тамақ жегіңіз келмейді. Аз-аздан бірақ жиі жеу асқазанға пайдалы.
Келесі, теледидар көріп, кітап оқып отырып тамақтанбаңыз. Себебі бұл жағдайда сіздің ойыңыз бөлініп, көп тамақ жеп қоюыңыз ықтимал.
Үшінші кеңес - түстер әлемі. Әдетте адам көгілдір түсті ыдыстан тамақ ішсе тыныштыққа оралады. Ал ашық түс адамды тез тойдырады.
Денім сау болсын десеңіз тұзды, бұрышты, одан бөлек майлы тағамдардан бас тартуға тырысыңыз. Түрлі дәмдеуіштер де адамның тәбетін ашады.
Одан соң тамақты асықпай ішіңіз. Адам әдетте өзінңің тойғанын тек 20 минуттан соң ғана сезеді. Сондықтан, 20 минут ішінде асқазаныңызды артық тамақпен толтырмай, аз-аздан ішу керек.