Bugin
Фото: freepik.com
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бейіттерге бағалы тас қойып, ескерткіш орнатпауға шақырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Кабар" мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Шариғат бойынша мұсылманға бағалы тас түрлерін орнатуға және қабір басына фотосуреттер қоюға, оны темір қоршаулармен қоршауға, цемент пен бетон қолдануға тыйым салынады. Мұндай әдет-ғұрыптар марқұмға көмектеспейді. Керісінше қабірдің үстіне төбе тұрғызу марқұмның рухына азап әкеледі", - деді Қырғызстан президенті.
Ол шариғат бойынша кез келген зиратты соңғы жерлеу рәсімі 25 жыл өткеннен кейін қайта пайдалануға болатынын айтты.