Саясат

Оңтүстік Корея президенті Нұр-Сұлтанға қандай мақсатпен келді?

Мун Чже Ин Қазақстан астанасына келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Корея республикасының президенті Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапармен Қазақстан астанасына келді. Сапар барысында Оңтүстік Корея президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар аясында Мун Чжэ Ин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Мун Чжэ Ин Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысады деп жоспарланып отыр.

Қазақстан-Корея бизнес форумына екі елдің 300-ден астам іскері қатысады. Шара аясында цифрландыру, медицина және өнеркәсіп салаларындағы бірлескен жобалардың көрмесі өтеді.

Мун Чжэ Иннің Нұр-Сұлтанға мемлекеттік сапары аясында сотталғандарды алмасу сынды бірқатар келісім мен меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Сондай-ақ, серіктестіктің жаңартылған бағдарламасы қабылданады. Ол жаңа технологиялар, инфрақұрылым, логистика, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларын қамтиды.