Bugin
Фото: freepik.com
Қырғызстан презитентінің інісі ұсталды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kg сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет өкілдері Садыр Жапаровтың інісі Ұлан Жапаровты ұстады. Президенттің туысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.
Ол адамдарды жақсы қызметке орналастыруға уәде беріп, сол үшін 100 мың доллардан астам сыйақы алған. Алайда ол уәдесін орындамаған. Ұлан Жапаровқа қатысты 19 тамызға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.