Bugin
Фото: freepik.com
Оқу ағарту министрлігі жаңа оқу жылының басталу мерзімі мен ұзақтығын, сондай-ақ 2024-2025 оқу жылындағы каникул кезеңдерін бекітті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы
Оқу жылындағы демалыс күндері "Нормативтік құқықтық актілердің электронды түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланған бұйрықта көрсетілді.
Оқу жылы, құжатқа сәйкес, әдеттегідей 2024 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2025 жылғы 25 мамырда аяқталады.
1-тоқсанның ұзақтығы 8 оқу апта болады, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2024 жылғы 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда);
2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда);
3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурызды қоса алғанда); 1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 10-16 ақпанды қоса алғанда).
4-тоқсан – 8 оқу аптасы.