Bugin

Қызылордадағы қыздар төбелесінің видеосы желіде тарап кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан алынған

Қызылордада екі бойжеткен бір-біріне қол жұмсап, төбелесіп қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұрымдылар саябақтардың бірінде төбелесіп қалды.

Қыздардың төбелескен сәтінен түсірілген видео желіде тарап кетті. Қыздарың бірі екіншісін жұдырықпен ұрып-соғып, тепкенін байқауға болады. Бір жігіт ажыратуға келіп, өзі де бойжеткенмен төбелеске кірісіп кеткен. 

Қызылорда қалалық ПД оғиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Қызылорда полициясы жастар тобының бұзақылық әрекеттерін тоқтатты. Қылмыстық іс қозғалды. Төбелескендердің аты-жөндері анықталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген құзырлы органның хабарламасында.