Bugin
Фото: dzen.ru
Ресейден келген спортшы Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
17 жастағы Самоделкина 2023 жылы Ресейден келіп, Қазақстан азаматтығын алған. Былтыр елге көшіп келген спортшы Софья Самоделкина Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан өткен Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті.
Самоделкина қысқа бағдарлама кезінде құлап қалып, екінші орын алған болатын. Алайда жарыстың екінші күнінде еркін бағдарламада жоғары ұпай жинап, жеңімпаз атанды.
Қыздар арасында өткен Қазақстан чемпионатында астаналық Софья Самоделкина 161,43 ұпаймен жеңіске жетті.