Bugin

Елімізде алдағы үш күн бойы қандай ауа райы болмақ?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: photo.ru

Елімізде алдағы үш күнде жауын-шашын болып, найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Синоптиктердің мәліметінше, үш күн бойы елімізде қолайсыз ауа райы сақталады.

"Баяу қозғалатын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелер еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы жағдайын сақтайды - солтүстікте, шығыста, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді. Елімізде 19-20 шілдеде солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.