Bugin
Фото: nur.kz
Астанада 17 шілде күні жауған жаңбырдан соң көшелерді су басқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әлеуметтік желі қолданушылары нөсер жаңбыр салдарынан су басқан көшелерді желіге жаппай жүктеп, түрлі пікір қалдырған.
Нақтырақ айтқанда қаладағы Тұран, Ұлы дала көшелері мен Жағалау ауданындағы жол учаскелерін су басқан.
Осыған дейін де қала көшелерін су басып, әкімдік кәріз жүйелеріне толған суды тазалаумен айналысты.