Bugin

Су тасқынынан 40-қа жуық адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dzen.ru

Нангархар провинциясында 400-ге жуық үй қирады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inform.kz-ке сілтеп.

Оқиға Ауғанстанның шығысында болған.

Елде жауған нөсер жауын салдарынан 40 адам қаза тауып, 350-ге жуық адам жарақат алды. Ауғанстанның денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Шарафат Заман Амар дүйсенбі күнгі дауыл салдарынан 40 адамның қаза тапқанын және жарақат алған 347 адамның жараланғаны туралы ресми түрде хабарлады.

Министрлік тасқын болған Желалабадтан зардап шеккендерді Нангархардағы аймақтық ауруханаға және жақын орналасқан аудандарға жеткізілгенін растады.