Bugin

АЭС құрылысы: Сайлау комиссиясы референдум өткізуге дайын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Орталық сайлау комиссиясынан

Экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сол себепті Президент электр мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма берілді. Нәтижесінде жан-жақты талқылаудан соң елімізде АЭС салуға қатысты референдум өтпек.

Орталық сайлау комиссия елдегі АЭС мәселесіне қатысты референдум өткізуге де дайын екенін хабарлаған. Комиссия атом электр станциясының құрылысы бойынша референдум өткізуге дайын отырғанын мәлімдеді.

"Қазіргі кезде барлық дайындық шаралары, соның ішінде сайлаушылардың тізімін әзірлеу, сондай-ақ аймақтық сайлау комиссиялары өткізетін жұмыс жоспарлы түрде жүріп жатыр. Біз дайынбыз", - деді ОСК мүшесі Өтемісов парламент отырысының күлуарында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу мәселесін жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынған. 

Ал 16 шілде күні Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев референдумға қатысты:

"Референдум тиімді өтуі үшін азаматтардың 50 пайызы қатысып, олардың кемінде 50 пайызы атом энергетикасын дамытуды, атом энергетикасын дамытуды қолдауы қажет. Мен өз тарапымнан бұл процестің ашық, тиімді және ашық болатынына жеке кепілдік бере аламын", - деді ол.

Сайлау комиссиясының өкілеттілігіне мыналар жатады:

- сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылау;

- Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру;

- Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық ету;

- саяси партияларды Парламент Мәжілісі депутаттарының және партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттарының бір бөлігін сайлауға қатысуға жіберу туралы мәселені қарау сынды бірқатар өкілеттік бар.