Bugin

“Бөгде адамның қатысы бар”: денесі дәретханадан табылған қыз туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @gulmir_ktk

Түркістан облысында 2 ай бұрын дәретханаға құлап қаза болған қыз туралы тың дерек шықты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Түркістан облысында бүлдіршіннің денесі көршінің дәретханасынан табылғанын хабарлаған едік. Осы туралы журналист Гүлмира Әбіқай тың мәлімдеме жасады. 

"Сарыағашта 2 ай бұрын көршінің дәретханасына түсіп, қаза болған Асылым есіңізде ме? Сөйтсек ол өзі түспеген екен. Бөгде адамның қатысы бар", - деп жазды ол. 

Гүлмира Әбіқай 2 күн бұрын дәл сол ауылда тағы сондай жағдайдың орын алғанын айтты. Бұл жолы 5 жасар қыз дәретханадан аман-есен табылған.