Bugin
Фото: freepik.com
Алматылық қыз әлеуметтік желіде қазақстандықтарды балағаттаған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы
Желіде тараған видеода қыз Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтарды балағаттап, Адольф Гитлерді "әдемі" деп атаған. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың ұсталғанын хабарлады.
"Сөзінде әдепсіз сөздерді қолданып, ұлтаралық балағат сөздер айтқан алматылық тұрғынның ұсталғанын хабарлаймыз. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар тергеу басқа да күдіктілердің әрекетін зерделеуде, оларға тиісті құқықтық баға берілетін болады", - делінген хабарламада.
Полиция департаменті өкілдері азаматтарды сабырлық сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырды.