Bugin
Фото: freepik.com
Қазақ қоғамында тұңғыш баланы ата-әжеге беру үрдісі қалыптасқан. Бұл үрдістің бала мінезіне қандай зияны бар екенін Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Кейбір отбасыларда ана мен әке, ата мен әже тәрбиенің біркелкі үрдісін ұстанбауы мүмкін. Мысалы бала ата-анасы тарапынан эмоционалдық шектеулерді көп естісе, бұл әжесінің тарапынан терісті құптау гиперпротекциясы болса, тұрақсыз тәрбие қалыптасады.
Белгілі психологтар Э.Г. Эйдемиллер мен В.В. Юстицкий тәрбиенің тұрақсыздығын негативті фактор ретінде қарастырады. Бала тәрбиенің бұл түрімен қатаң либералдыққа душар болады. Мінезінде ауытқулар пайда болады.
К. Леонгардтың ойынша, тәрбиенің тұрақсыздығы баланы кез-келген қарама-қайшылыққа бейімдейді. Ол бәріне қарсы тұрады.
Бұндай жағдайда әке мен ана, ата мен әже бала тәрбиесінде жіберілген қателіктерді мойындап, ортақ шешім шығаруы керек.
Дереккөз: "Отбасы психологисы" атты оқу құралы