Bugin

Қаза болды: Алматыда BMW көлігі жолда көлік жөндеп тұрғандарды соққан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматыда BMW жүргізушісі Саин көшесінде екі адамды қағып кетті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бір адам оқиға орнында көз жұмды. Жол апаты бүгін түнде Алматының Әуезов ауданында болған.

"BMW көлігінің жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Nissan көлігі мен сол жақ жолақта тұрған екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі, 48 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

Адам өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды.