Bugin

Қырғызстанда Қазақстан азаматы көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қырғызстанда Қазақстан азаматы ауыр жарақаттан қайтыс болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, 15 шілде күні полицияға 42 жастағы Қазақстан азаматы ауруханаға түскені туралы хабар түскен. Ер адам Қырғызстанның Қара-Ой ауылындағы демалыс орталықтарының бірінің жағажайында ауыр жарақат алған. Ер адам қайықтың астында қалған. Қайық иесі - 32 жастағы жергілікті тұрғын. Ал құралды 18 жастағы жігіт басқарған. 

16 шілдеде қазақстандық азамат қайтыс болған. Бұл дерек тіркеліп, тергеуге дейінгі шаралар басталған.