Bugin

Зорлап, өлтірген: Жетісу облысында 20 жастағы бойжеткеннің денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Жетісу облысы Балпық би ауылында 14 шілдеде жоғалып кеткен 20 жастағы бойжеткеннің денесі табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Жетісу облысы полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Алдын ала мәлімет бойынша, қызды зорлап, кейін өлтірген күдікті ұсталды.

 "Адам өлтіру және жыныстық қолсұғушылыққа қарсы қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа деректер хабарлауға жатпайды", - делінген ресми хабарламада.

Ведомство істің полиция департаментінің бақылауында екенін хабарлады.