Bugin

Атырауда 24 жастағы тұрғынның 27 жастағы жігітке жасаған ерсі әрекеті әшкере болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Атырауда ақша бопсалаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1 млн теңге бопсаламақ болған күдіктіні құрықтаған. 

24 жастағы облыс тұрғыны 27 жастағы азаматты бопсалап келген.

“Ол 27 жастағы азаматты жеке басына қатысты бейнематериалдарды әлеуметтік желіге таратамын деп қорқытқан”, - делінген хабарламада. 

24 жастағы жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды.