Bugin

“ 3,6 млн”: Танымал фотограф суретін рұқсатсыз пайдаланған сайттан ақша өндіріп алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Танымал фотограф Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына авторлық құқықты бұзғаны үшін өтемақы өндіріп алу туралы танымал сайтқа (ЖШС) талап-арыз жолдады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.  

Фотографтың айтуынша, сайт оның рұқсатынсыз 9 суретін жариялаған. Сайт жұмыстың авторын көрсетпеген және оларды пайдаланғаны үшін сыйақы төлемеген. 

“Авторлық құқықты бұзғаны үшін фотограф ЖШС-тен 1000 АЕК (3,6 млн теңгеден астам) өтемақы өндіріп алуды, ЖШС-ге оның жұмысын сайттан алып тастауды және оның туындыларын ЖШС-нің басқа интернет-домендерінде пайдалануға тыйым салуды міндеттеуді сұрады”, - делінген хабарламада. 

Сот тараптар ұсынған барлық мән-жайларды және дәлелдемелерді ескере отырып, фотографтың талабын ішінара қанағаттандырды. Сайттан 500 АЕК (1,8 млн теңгеден астам) өтемақы өндірілді.