Bugin
Фото
Мамандар баланы тәрбиелеу кезінде шектен тыс қатал болуға болмайтынын айтады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ата-ана баласын өзі эмоционалдық шеттетулерге ұшыраған болса немесе мінез-құлығы бұзылған болса ғана қатаң тәртіпте тәрбиелейді.
Қатаң қадағалау баланың қызығушылығын толық елемеу, ұрып-соғу, жазалау формасы ретінде көрінеді. Ата-ана баланың ләззат алуына шек қояды, қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Қатал тәрбие көрген бала ересектердің қолдауына үміттенбей, өзіне ғана сенуге мәжбүр болады.
Қатал тәрбие көрген бала кішкентай балаларға өзін агрессор көрсетеді.
Қазіргі уақытта бұл тақырыпқа ерекше назар аударылып келеді. Себебі балаға шектен тыс қаталдық танытуға болмайды. Бала өзін және әлемді тану үшін қателесіп көруі керек. Ал қаталдыққа үйренген бала қателесуден қорқады.
Психолог С.Д. Шерритстің зерттеулерінде балаларына жиі және жүйелі түрде қаталдық танытқан ата-аналардың және жиі жәбір көруші балалардың сипаттамалары тұрақсыз болған. Ал физикалық жәбір көрсету – қоғамның барлық кезеңдерінде кездеседі. Күш көрсету көбіне баласын тәртіпке келтіремін деген мақсатта ата-аналар тарапынан болады. Бұндай ата-аналар – психикасында клиникалық ауытқуы жоқ, бірақ импульсивтілік деңгейі жоғары, мінез-құлқын бақылауы әлсіз адамдар.
Дереккөз: "Отбасы психологиясы" атты оқу құралы