Bugin
Фото: freepik.com
Жетісу облысында жоғалып кеткен 2 бала табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
18 шілбе күні Алакөл көлі жағалауында ересектердің қарауынсыз қалған 2017, 2018 жылы туған екі бала жоғалып кеткен.
"Құтқарушылар іздестіру операциясы барысында балаларды демалыс орнынан 1,5 шақырым қашықтықта, көлдің жағалауында тапты. Құтқарушылар оларды ата-аналарына тапсырды. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес еді", - делінген хабарламада.
ТЖМ ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.