Bugin
Фото: ФотоКто
Абай облысында ер адам 4 жастағы баланы өлтіріп, мәйітін дәретханаға тастаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қылмыскердің жаға ұстатарлық қылмысы көпті шошытты. Ер адам ішімдік ішіп, алғашында тоғыз жастағы қызын зорламақ болған. Ол өзінің әйелі күтуші ретінде қарайтын балаға көзі түсіп, оны айуандықпен өлтірген. Кішкентай бүлдіршіннің мәйітін сөмкеге салып, жол бойындағы дәретханаға тастай салыпты.
"Қылмыскер баланы бірнеше рет ұрған. Соққыдан кейін бала мерт болды. Ешқандай көмек көрсетпестен баланың денесін сөмкеге салып, жол бойындағы дәретхананың шұңқырына лақтырып жіберген", - делінген хаттамада.
38 жастағы қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.