Bugin
Фото: Көреміз бағдарламасы
Бельгиядан биологиялық анасын іздеп келген қазақ баласы қиын жағдайға тап болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жәнібек бельгиялық анасынан айырылып қалды. Ол желідегі парақшасының сторисінде қатты қиналып отырғанын жұртқа жеткізді.
"Менің қымбатты достарым. Менің туған Отанымдағы достарым. Менің асырап алған анам қайтыс болды. Менің көңіл-күйім дұрысталған уақытта, соңғы бірнеше айда не болғанын баяндайтын кеңейтілген бейнеролик түсіремін. Ал әзірге… мені асырап алған анам Валеридің көкте мәңгі жанатын жұлдыздай мәңгі өмірі басталды деп үміттенемін. Сіздердің қолдауларыңызбен мен жақында туған анамды табамын деп үміттенемін…", – деді ол желіде.