Bugin

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Жетісу облысындағы Алматы-Өскемен тасжолында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы krisp.tdk инстаграм парақшасына сілтеме жасап. 

Оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кадрда жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысқанын көруге болады. Автордың айтуынша, апаттан екі адам қаза тапқан.

Бұл факт бойынша Жетісу облыстық полициясы тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Соқтығыс салдарынан көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Жүк көлігі арнайы тұраққа қойылған.