Bugin

Қыз үшін: 21 жастағы жігіт қызғаныштан жасөспірімді өлтірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматыда екі жас жігіт жанжалдасып, ашуға булыққан біреуі екіншісіне пышақ сұғып алған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Оқиға қаладағы Томирис шағын ауданында болған.

21 жастағы жігіт пен 17 жастағы жасөспірім қыз үшін жанжалдасқан. Жас жігіт 17 жастағы жасөспірімге пышақ сұғып, ол оқиға орнында көз жұмған.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті ұсталды, пышақ тәркіленген.

"Шабуыл жасаған адамды полиция қызметкерлері қолға түсірді. Оларға патрульдік қызмет көмек көрсетті. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген полиция мәліметінде.

Қайтыс болған жігіт жақында 18 жасқа толатын еді.