Bugin
Фото: freepik.com
Қырғызстанда балгерлерді жарнамалауға тыйым салынды.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2024 жылғы 12 маусымда қабылданған "Қырғыз Республикасының "Жарнама туралы" заңына өзгерістер енгізу туралы" құжатқа қол қойды.
Қабылданған заң оккульттік және мистикалық қызметтерді және сол қызметті көрсететін тұлғаларды жарнамалауға тыйым салуды көздейді.