Bugin

Қазақстанда кімдер өмір бойы стипендия алады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қазақстандық академиктер өмір бойы стипендия алады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Үкіметтің "зейнеткерлік жасқа толған ҚР Ғылым Академиясына ай сайынғы стипендияның мөлшерін белгілеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысын дайындады.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшері 60 АЕК (221 520 теңге) мөлшерінде белгілесін және оны төлеу қағидалары бекітілсін",- делінген құжатта. 

Өмір бойғы ай сайынғы стипендия Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ҰҒА академигіне белгіленеді.