Bugin

Майқайыңдағы апат: 8 айдан кейін жоғалған құтқарушы туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @nursulu_shaimerden

Осыдан 8 ай бұрын Павлодар облысындағы "Майқайыңалтын" АҚ маңында автобуста жоғалған ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Анықталғандай, ол маңнан табылған мәйіт құтқарушы Айдос Шаймерденовтің денесі екен. 

Құтқарушының әйелі Нұрсұлу Шаймерденованың сөзінше, марқұм 19 шілдеде таңғы уақытта табылған.

Енді 55 жастағы автобус жүргізушісі Әйіп Тілеуберген іздестіріліп жатыр.

Айдос Шаймерденнің жары Нұрсұлу Шаймерденова әлеуметтік желіде видео жариялап, "Қолымыз жетті, азаматым” деген жазба қалдырды.