Bugin

Астанадан шетелге бағыт алған жолаушылар автобусы өртке оранды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Алтай Республикасының ТЖД

Астанадан Моңғолияға аттанған жолаушылар автобусы өртеніп кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Автобустың өртенгені туралы Алтай Республикасының ТЖМ Telegram-арнасы мәлімдеді.

20 шілде күні сағат 06:13-те автобус Астана - Баян - Углий (Моңғолия) бағытымен жүрген. Сол сәтте өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды.

"Сағат 06:14-те өрт орнына Оңғұдай ауылының №8 өрт сөндіру-құтқару бөлімінің өрт сөндірушілері саны 5 адам, 1 бірлік техника шықты. Сағат 07:15-те өрт сөндірілді. Автомобиль жолымен көлік қозғалысы шектелмейді. Ресей ТЖМ күшімен жолаушылар Иня ауылындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді", - делінген хабарламада.