Bugin
Фото: Болат Аманбаев парақшасынан
"Майқайыңалтын" кен орнында көз жұмған үшінші құтқарушының мүрдесі жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Майқайыңалтын" кен орнында оқыс оқиғадан қаза тапқан құтқарушы Айдос Шаймерденнің денесі 19 шілде күні жер астынан табылған. 21 шілде күні марқұмның туыстары Айдос Шаймерденді ақтық сапарға шығарып салды.
“Абыз жұрты Айдос Шаймерденді соңғы сапарға шығарып салды. 36 жасында бақилық болған құтқарушының артында бес баласы қалды. Марқұмның денесі 6 ай 15 күн өткен соң барып табылды. Автобус жүргізушісі Әйіп Тлеубергенді іздеу жұмыстары жалғасуда”, - делінген Болат Аманбаевтың Facebook-тегі парақшасында.