Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: freepik.com
Атырау облысында кәмелетке толмаған екі бала суға батып кетті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Көкарна ауылында 2010 және 2011 жылы туған екі жасөспірім қаза болды. Екеуі де жабдықталмаған жерде суға түскен. Қайғылы оқиға 20 шілдеде болған. Құтқарушылар 19:30-да 4,5 метр тереңдіктен 14 жастағы жасөспірімнің денесін су бетіне шығарды. Екінші баланың денесін іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда.
ТЖД азаматтардың қауіпсіздігі үшін биыл Атырау облысында суға түсу маусымы ресми түрде ашылмағанын мәлімдеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61