Bugin
Фото: инстаграм @abai_oblysynyn_akimdigi
Абай ауданының мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының мұғалімі Ерқанат Садуханов әлемдік жұлдызбен бірге ән жазбақшы, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ерқанат Садуханов желіде Eraholic лақап атымен танылған. Жақында оған әлемге әйгілі испан әншісі Rosaliaдан бірігіп жаңа ән жазу жөнінде ұсыныс түскен. Eraholic бұған дейін танымал шетелдік әнші Dua Lipaмен жұмыс істеген.
Оның айтуынша, әнші өзі ұсыныс айтып байланысқа шыққаннан кейін бірге жұмыс істеуге келіскен. Болашақ туынды Қазақстанда танымал болып келе жатқан реггетон стилінде латын мотивтерінде жазылады.