Bugin

Парламенттегі экс-спикердің қыздары ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қырғызстан парламенті экс-спикерінің қыздары ұсталды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы 24kg ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің қызметкерлері парламенттің экс-спикері, кәсіпкер Шыныбай Тұрсынбековтың екі қызын ұстады. Олар жалған құжат дайындады деген күдікке ілінді. 

Айдай Тұрсынбековаға қатысты 24 тамызға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғаны хабарланды. Ал Бегімай Шыныбекқызы 24 тамызға дейін үйқамақта отырады.