Bugin

12 адам қаза болды: Жауыннан кейін 31 адам жоғалып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қытайда толассыз жауған жауын салдарынан 12 адам қаза тауып, 31 адам жоғалып кетті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. 

Табиғи апат сенбі күні сағат 02:30 шамасында болған. Сел 40-тан астам үйге зақым келтірген. Елдің оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында жауын салдарынан 30-дан астам адам із-түзсіз жоғалған. 

Қазір жоғалған адамдарды 700 құтқарушы мен 1500 ерікті іздеп жатыр.