Bugin
Фото: dzen.ru
Қайғылы оқиға Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Тас жол көпірінің бір бөлігі опырылып қалған. Көпірдегі 11 адам қаза тапты.
"Чжашуй уезі Шанло қаласында орналасқан көпір жұма күні кешкі сағат 20:40 шамасында кенеттен жауған жаңбыр мен су тасқыны салдарынан құлады", - деп хабарлады жергілікті билік.