Bugin
Фото: инстаграм @abdulla_kz_kz
Қызылорда облысында әйелін өлтіріп, қашып кеткен ер адамға іздеу салынды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы abdulla_kz_kz инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Қызылордалық 26 жастағы Біржан Жаңабай әйелін ұрып өлтірген. 21 жастағы келіншектің денесі үйінен табылды. Күйеуі келіншегін өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытқан.
"Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жалғасуда", - деп жауап берді Қызылорда облысының ІІД.
Қайғылы оқиға кеше, 21 шілде күні болған.