Bugin

Әрбір қазақстандыққа 150 мың теңгеден берілетіні рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алаяқтар бір реттік әлеуметтік төлем туралы хабарлама таратты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Олар ақпарат шынайы болып көрінуі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін пайдаланған.

Хабарламада әрбір қазақстандыққа 150 мың теңгеден бөлінгендігі жайында айтылған. Сондай–ақ жаңа мемлекеттік бағдарлама іске қосылғандығын да атап өткен.

Stopfake.kz мамандарының мәліметінше, бұл ақпарат жалған.

Мемлекет басшысының ресми сайтында да мұндай ақпарат жоқ.

"Қылмыскерлер берген сілтемеде азаматтар төлемнің бар-жоғын тексеру үшін ЖСН теруге тиіс. Бұл айла. Күмәнді сайтта деректерді қалдыра отырып, сіз өзіңіз туралы маңызды ақпаратты белгісіз адамдарға бересіз. Олар оны өз мақсатында пайдалана алады",- делінген хабарламада. 

Мамандар тек ресми хабарламаларға ғана сенуге шақырады.