Bugin

Алматы облысында сарбаздар бұйрықты орындамай, қашып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қонаевта бұйрықты орындамаған екі сарбазға байланысты қатардағы сарбаздардың қатысуымен көшпелі сот процесі өтті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Алматы облысының соттарына сілтеме жасап.

Іс материалына сәйкес 8 шілдеде сарбаздар күн тәртібі бойынша бекітілген жоспарды бұзбау жайлы аға сержанттың ауызша бұйрығын орындамаған. Сол күні кешкі сағат 20:00-де әскери бөлімшенің аумағынан қосалқы есік арқылы ескертусіз шығып, Алатау қаласына қашып кеткені анықталды.

Сот қаулысымен сарбаздар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 652-бабы 6-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 тәулікке қамауға алынды.