Bugin
Фото: freepik.com
Қазақстандықтар банкроттыққа онлайн өтініш бере алады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Ол үшін жаңадан "Qoldau" ақпараттық жүйесі іске қосылды. 24 мемлекеттік органның базасы біріктірілген. Порталдың тағы бір артықшылығы – жеке тұлғаға өтініші мақұлданбаған жағдайда себебі мен қандай деректерді түзету қажеттігі туралы хабарлама келеді.
Шілде айындағы ақпарат бойынша Алматы қаласында банкроттыққа 9 мыңға жуық өтініш түскен. Оның 6,5 мыңнан астамы қабылданбаған.