Bugin
Фото: freepik.com
Ақмола облысындағы тасжолдан ер адам өлі күйде табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алдын ала болжам бойынша,оны көлік қағып кеткен болуы мүмкін. Күдікті ұсталды.
"Полицейлер Жезқазған – Петропавл республикалық тасжолының Пригородное ауылына жақын жерде ер адамның денесін тапты. Тергеу барысында азаматты көлік қағып кетуі мүмкін екені анықталды", - деп түсіндірді ІІМ өкілдері.
Оқиға орнынан көліктің сынықтары мен іздері табылды.