Bugin
Фото: gov.kz
Алматы облысында шенді мен қарапайым тұрғын арасында төбелес шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Анықталғандай, Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі жергілікті тұрғынмен төбелесіп қалған. Желіде шуға айналған төбелеске қатысты облыс әкімдігі мәлімдеме жасады. Тұрғындардың бірі бекітілген бас жоспарға наразылық білдірген. Жаңа бас жоспар бойынша, азаматтың жер телімі қызыл сызық бойына түсуіне келіспей, жанжал шығарған көрінеді.
"Қазір Тұздыбастау ауылдық округінің әкіміне қатысты Талғар ауданының әкімдігі мен Талғар аудандық полиция басқармасы тарапынан қызметтік тексеру жүргізілуде. Әкімнің кінәсі дәлелденсе, оның әрекеті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша әдеп жөніндегі кеңесінде қаралады. Ал тұрғын қосымша түсініктеме алу үшін 23 шілдеде аудан әкімінің аппаратына шақырылды", – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.